«SUPER BABY-S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді мақсат еткен мектепке дейінгі мекеме.
Балабақша Қызылорда қаласы, Цай Ден Хак көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан. Мұнда балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес 3 топ жұмыс істейді:
- ортаңғы топ – «Улыбка» (3+)
- ересек топ – «Солнышко» (4+)
- мектепалды топ – «Звёздочки» (5+)
Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында балабақшада білікті педагогтар жұмыс істейді. Сонымен қатар, балалармен логопед, хореограф және музыка жетекшісі тұрақты түрде жұмыс жүргізеді.
Балалардың күнделікті өмірі қызықты әрі мазмұнды ұйымдастырылып, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Балабақшада балалардың денсаулығын сақтау үшін теңгерімді тамақтану жүйесі қарастырылған.